Астана тұрғыны қоғамдық көлік жүргізушісіне газ шашып жіберген

10.07.2024 13:52

Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды

elements.envato.com

Астана тұрғыны автобус жүргізушісіне бұрышты газ шашып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көлік жүргізушісі тәртіп бұза отырып, автобустың алдына шығып кеткен. Артынан ол көлігінен шығып, қоғамдық көлік жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашып жіберген. Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болды.

«Автобус пен Kia маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып кеткен. Артынан көліктен шығып, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген»,- делінген полиция хабарламада.

Іздестіру жұмыстарының барысында Kia маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Оқи отырыңыз: Семейде офицер әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа өткізіп жіберген