Дәрігер ағзада Д дәруменін толтырудың әдісін айтты

09.09.2021 13:56

Жүкті әйелдер, қарттар, ересектер мен балалар оны міндетті түрде қабылдауы қажет

© Photo : СС0 / Bru-nO

Дәрігер Александр Мясников Д дәруменін қабылдаудың ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, азық-түлік құрамындағы дәрумендер дәрумендік-минералдық препараттарға қарағанда сіңімдірек.

Алайда кей жағдайда оны препарат түрінде қабылдаған дұрыс.

«Д дәрумені де көп жағдайда препарат түрінде қабылдауды қажет етеді. Жүкті әйелдер, қарттар, ересектер мен балалар оны міндетті түрде қабылдауы қажет», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша, ағазада оның тапшылығы зертханалық тұрғыда дәлелденсе Д дәрумені міндетті түрде дәріханада сатылатын препарат түрінде қабылдануға тиіс.