Қашықтан жұмыс істеу кезінде қызметкерлерге қандай жағдай жасалады? Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өткен жылы елде коронавирус инфекциясының таралуы қызметкерлердің орта есеппен 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге мәжбүрледі. Депутаттардың айтуынша, елде қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсеткен.
«Қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлердің тап болған өткір мәселелерінің бірі – коммуникация құралдарымен, компьютерлермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету болды. Осыған байланысты заң жобасында норма көзделді, оған сәйкес төтенше жағдайды енгізу, төтенше жағдайды жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету әрі шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады», – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова.