|
27.08.2024 | 18:53
952

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды стоп кадр

Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысты. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Бүгін сағат 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деді Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары Аслан Шотанов.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе қаласында жүк көлігі мен автобус соқтығысты. Жедел жәрдем төрт адамды қарап, екеуін ауруханаға жеткізді.

Оқи отырыңыз: Рудныйда көшелердің біріндегі қазылған шұңқырдан бала өлі табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир