Теңгедегі депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесі артты

02.11.2022 13:58

Мәндері Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты депозиттер бойынша ұсынылған мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды

inbusiness.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсан айына теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚДҚКБ-ның сайтына сілтеме жасап.

12 және 24 айлық жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көтерілді, ал мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме қарашадағы мәндер деңгейінде сақталды.

"Мәндері Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты депозиттер бойынша ұсынылған мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды", - делінген қордың хабарламасында.