Бүгін таңертең болған екі жер сілкінісі алматылықтарға сезілді ме

24.01.2024 14:03

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген

elements.envato.com

Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Оны да алматылықтар сезбеді.