Қазақстандық спортшы қайтыс болды

02.09.2019 14:03

31 тамыз күні кешке 26 жастағы спортшының жүрегі тоқтағаны белгілі болды

Қостанайда "Тобыл" футбол клубының және Қазақстанның жастар құрамасының футболшысы Николай Жуков қайтыс болды, деп хабарлайды sn.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Николай соңғы айларда жілік майы дертімен күрескен. 31 тамыз күні кешке 26 жастағы спортшының жүрегі тоқтағаны белгілі болды.

Николай Жуков бірнеше маусымда сары-жасылдар сапында қосалқы құрамда болды. Қазақстан жастар құрамасына да еңбек сіңірді.

«Тобыл» футбол клубы Николайдың туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.