Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

16.07.2024 14:04

Жағдайға мониторинг жалғасуда

ҚР ТЖМ / кадр из видео МЧС РК

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады.

Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр.

 

Жағдайға мониторинг жалғасуда.

Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақ бидайын негізінен қай елдер сатып алады