Мамандар білім беру, әскери қызметке шақыру және өмір сүру сапасын арттыруға қатысты сұрақтарға жауап береді

newtimes.kz
newtimes.kz
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар онлайн брифинг өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 мамырда Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар онлайн брифингтер өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

11:00 – Білім беру деңгейінің сапасын арттыру бойынша мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысы туралы – Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева, Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарова, білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Бахтияр Үсенов.

12:00 – Карантин жағдайында көктемгі жедел әскери қызметке шақырту туралы – Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің басшысы Амантай Өсербаев.

15:30 – Алматы қаласы әкімінің халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы – Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай

Сұрақтар info@rsk.almaty.kz электрондық поштасы немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.

Баспасөз конференциясының көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан, сондай-ақ, Алматы әкімдігі, өңірлік коммуникациялар қызметі және Open Almaty-ның Facebook-тегі ресми парақшаларынан көруге болады.

facebook.com/almaty.gov.kz

facebook.com/rsk.almaty02

facebook.com/OpenAlmaty

Новости партнеров