Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
«Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
• БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
• адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
• мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
• әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
• бірлесу бостандығына құқық;
• пікір білдіру бостандығына құқық;
• адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
• үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
• адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;
4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.