Емдік шара тегін жүргізіледі
Елордада үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялау және гельминттерге қарсы емдеу жүргізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялап, гельминттерге қарсы ем жүргізе алады.
Мақсат – үй жануарларын қорғау және ветеринарлық клиникаларға бару процесін жеңілдету.
Ветеринарлар үйлеріне өздері барып, ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізеді.
Оқи отырыңыз:Жәрдем медициналық пойызы 20-шы сәуірде жолға шығады