Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады
Каспий теңізі жағалауынан екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында резеңке қайықпен екі ер адам жағалаудан алыстап кетіп, қатты жел салдарынан өз бетінше жағаға шыға алмаған.
"ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жастарды тауып алып, жағалауға жеткізді. Олардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті