Отбасы бақытын насихаттайтын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжат жинау 15 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәрбие мен некенің оң бейнесін көрсетіп, адамгершілік қасиетті жаңғыртуға арналған байқау биыл алтыншы мәрте өткізілмек. Аталған сайыста отбасылар 3 кезең бойынша бақ сынайды. Қазір аудандық турға іріктеу жүргізіліп жатыр.
«Байқаудың жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия қалалық деңгейде бекітілген. Биылғы байқаудың ерекшелігі республикалық деңгейде әрбір қаладан жеңімпаз боп аттанған отбасылар лауреат атанатын болады. Осы ретте үлкен жиын ұйымдастырылып, марапатталатын болады», – деді қалалық азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Фариза Қамбарова.
Айта кетейік, 15 мамырда басталған тіркеуге бүгінгі таңда 44 отбасы өтінім беріп үлгерген.