Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

30.07.2021 в 14:09

Әлібек Дінішев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін алып отыр

ҚазАқпарат

Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ә.М. Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы 2021 жылғы 30 шілде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 

2021 жылғы 30 шілде № 634