Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады

07.11.2021 в 14:09

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!» – деп жазды Президент Тwitter парақшасында.