Жасұлан Қаратау қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, осы жылдың 11 маусымында Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады», - деп жазылған хабарламада.
Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.