Ұлттық статистика бюросының есебі жарияланды
Ұлттық статистика бюросы 10-17 қазан аралығындағы апта ішінде республикада І санаттағы жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 1,4 %-ға қымбаттағанын мәлімдеді. Мұндай көрсеткіш 2022 жылдың қараша айынан бері байқалмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Баға өсімі алдымен Атырауда тіркелген. Аймақта жұмыртқа құны бірден 8,2% қымбаттаған. 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында баға тағы да 6,8% өскен.
Атырауда жұмыртқа өнімінің бағасы өндірістің азаюына байланысты өсіп жатыр. Өңірдегі көлем өткен жылдың барлық үш тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда тұрақты түрде төмендеп, 9 айдың қорытындысы бойынша 73%-ға қысқарды.
Оқи отырыңыз: Биыл кәсіпкерлерді қолдау үшін 5 мыңнан астам грант берілді