Астанада 19 сәуір Президенттің төрағалығымен кеңес өтеді

18.04.2023 14:15

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылайды

m.azh.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Жиынға Премьер-Министр, Парламент палаталарының спикері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшысы, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімі, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшісі, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағасы қатысады», – делінген хабарламада.