WhatsApp жаппай хабарлама таратқандарды сотқа бермек

12.06.2019 17:26

WhatsApp өкілдерінің айтуынша, кей компаниялар мессенджердің үнемі жетілдіріліп отыратынына қарамастан, оның машиналық жүйесін елегісі келмейді

WhatsApp мессенджерді пайдалану ережелерін бұзғандарға, соның ішінде бұқаралық немесе автомат түрде хабарлама таратумен айналысатын адамдарға қарсы талап іс қозғауды ұйғарды. Бұл туралы «РИА Новости» порталы мессенджердің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап WhatsApp мессенджерді пайдалану ережелерін бұзған, мысалы, хабарламаларды автомат немесе жаппай таратумен немесе жеке мақсатта емес пайдаланғандаға (қосымшалар), сондай-ақ, оларға көмектесетіндерге қарсы құқықтық әрекеттер қолданады», - делінген мессенджердің ресми сайтындағы хабарламада.

WhatsApp өкілдерінің айтуынша, кей компаниялар мессенджердің үнемі жетілдіріліп отыратынына қарамастан, оның машиналық жүйесін елегісі келмейді.

«Біздің өнім жаппай хабарламаларға арналмаған, ол әрдайым мессенджердің пайдалану ережелерін бұзу болып саналады. WhatsApp - әуел бастан адамдарға достары мен жақындарына хат жіберу үшін жасалған, ол жеке хабарларға арналған платформа», - делінген хабарламада.

Теги: WhatsApp