Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді

20.03.2019 14:21

Головкин тұңғыш президентке тәуелсіздік пен көпұлтты Қазақстан үшін алғысын білдірді

sputniknews.kz

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше Қазақстан президенті лауазымынан отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

«Қазақстандық және елімнің патриоты ретінде біздің тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтан тұтатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз бар», - деп жазды Головкин Instagram-аккаунтында.

«Барлығы үшін рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал біздің жас елімізге гүлдену мен әл-ауқат тілеймін», - деп қосты GGG.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкинге әрқашан қолдау көрсетті. Өткен жылдың маусымында Головкин Қазақстан басшысына чемпиондық белбеуін сыйға тартты.  

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні республика халқына үндеуі кезінде өзінің президенттік өкілеттілігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын хабарлады. Қазақстан басшысы міндетін уақытша сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі мен «Nur Otan» партиясының басшысы болып қала береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Как казахстанец и патриот своей страны, хочу сказать спасибо нашему первому Президенту, прежде всего, за независимое государство. У нас есть свой флаг, герб и гимн. У нас есть многонациональный Казахстан - страна, которой мы гордимся и любим. Спасибо за все, Нурсултан Абишевич! Крепкого Вам здоровья, а нашей молодой стране - процветания и благополучия. Today Kazakhstan leader Nursultan Nazarbayev announced his resignation. He will always be the First President and a history-maker of our country. Thank you Mr President for the strong nation.

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing) 19 Мар 2019 в 11:08 PDT