Қарағанды мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

13.01.2020 14:21

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты

versiya.info

13 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 13 қаңтар күні Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.