Өскеменде көпқабатты үй өртеніп, 35 тұрғын эвакуацияланды

28.08.2024 14:21

Оның жетеуі бала

elements.envato.com

Өскеменде көпқабатты үй өртеніп, 35 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ШҚО ТЖД мәліметінше, қалада он қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Мамандар көпқабатты үйден 35 тұрғынды эвакуациялады. Оның жетеуі бала.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті