Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

11.10.2021 14:21

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет

moykursk.ru

20 қазанда Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды  Almaty.tv. 

«20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», –  деп хабарлайды Қазақтелерадио сайты.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 20 қазанда Almaty.tv көрермендері жаңалықтарды күндіз телеарна сайтынан және әлеуметтік желілерден көре алады.