Зардап шеккендер жоқ
ТЖМ Алматы облысында қойма өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.
«Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жанған.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ақпаратта.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Отын аралап жатқан жігіт аяғынан айырылып қала жаздады