Оны бірінші қабатта жалғастыра салынған құрылыстың шатыры құтқарып қалған
Павлодарда үшінші қабаттан құлаған кішкентай бала аман қалды. Оны бірінші қабатта жалғастыра салынған құрылыстың шатыры құтқарып қалған, деп хабарлайды NUR.KZ.
Видео Instagram-дағы ti.pavlo қауымдастығында жарияланған.
«Бала Чокина 143-те орналасқан Прогресс үйіндегі жанама құрылыстың шатырына үшінші қабаттан құлады. Аман қалды», - деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның оңтүстік полиция бөлімшесінде тіркелгенін мәлімдеді.
Төтенше оқиғадан кейін бүлдіршін қанағаттанарлық жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Терезеден құлаған баланың ата-анасымен түсіндіру әңгімесі жүргізілді.