Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізіп жатыр
Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтты іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл сайтта азаматтар 2022 жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.
Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.