Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барды
Қазақстан Президенті облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.