«Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

03.06.2024 14:27

Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысады

пресс-служба ДЧС ВКО

3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.  

3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғыларын іске қосылады. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.           

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтайды.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.

Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген қызанақтардан вирус табылды