Базардан сатып алған бәтеңкенің екінші күні табаны түсіп қалған
Атырау тұрғыны табаны ашылып кеткен бәтеңке үшін полицияға жүгінді. Сатып алған су жаңа бәтеңкесінің желімі ашылып кеткені үшін ақшасын қайтару үшін облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуіне тура келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Атыраулық тұрғын қаладағы базарлардың бірінен сапасыз бәтеңке сатып алып, екінші күні оның табаны түсіп қалған. Ал сатушы аяқ киімнің киілгенін алға тартып, ақшаны қайтарудан үзілді-кесілді бас тартып, сатып алушыға аяқ киімді басқа жаңа аяқ киімге айырбастауды ұсынған.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 15-бабы бойынша сәтті шешілген. Бұл бапқа сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді, соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды, сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. "Сатушыға заң ережелерін департамент қызметкерлеріне түсіндіруге тура келіп, ер адам ақшасын қайтарып алған, - деп жазды басылым.
Оқи отырыңыз: Сенсация: футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны ұтты