Алматы облысында қандастарға жалған құжат жасаған азамат ұсталды

08.12.2021 14:29

Ол қандастарға жалған еңбек кітапшаларын жасаған

shymkenttv.kz

Алматы облысының тұрғыны қандастарға жалған құжат жасап жатқан жерінде ұсталды. Ресми мәліметке сәйкес, шұғыл іздестіру шаралары кезінде 50 жастағы Исхан Ұлан қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қандастарға жалған еңбек кітапшаларын жасаған. Соның арқасында Қытайдан келген қазақтар әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін көбірек алды.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облыстық департаментінің қызметкерлері Ұланның үйіне тінту жасады. Сол кезде Қытай Халық Республикасындағы сан алуан ұйымдардың жалған мөртабандары мен мөрлері, нотариустың мөрі мен қолтаңбасы қойылған бланкілер, кесу құралдары және тағы басқа заттар тәркіленді. Соның көмегімен жалған еңбек кітапшалары ғана емес, туу және неке туралы куәліктер де қолдан жасалды", – деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 385-бабы ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу, бірнеше рет жасалған әреке"т) бойынша 4 000 АЕК-ке (11 668 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастылған.

Төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.

Дереккөзі: sputnik.kz.