Талдықорғанда 8 жастағы бала 35 рет қозы көтерді
tengrinews.kz
Жануардың салмағы - 14 келі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорғанда Өтенай ауылының сегіз жастағы тұрғыны Қайсар Өмірсерік 35 рет қозы көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жануардың салмағы - 14 келі. Кішкентай болғанына қарамастан, Қайсар бұл істе күші мен шеберлігін таныта білді.
Қайсарға тең келетін қарсылас болған жоқ. Ол ойын шартына сәйкес Наурыз мейрамына сыйлық ретінде малды алды.
Еске салайық, бұған дейін лақты 33 рет көтерген бала Қазнетті тәнті еткені хабарланған болатын. Сондай-ақ Талдықорғанда 280 келі түйені көтерген ер адам жұртты таңғалдырған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40