Елорда тұрғындары мереке күндері тегін экскурсияға қатыса алады

04.05.2019 14:30

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет

Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жақ жағалауға тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.  

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).   

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.  

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz. 

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10.30-да.