ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандумға қол қойды

09.06.2022 в 14:43

Меморандум ҚР Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА ХХХI сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында жасалды

8 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілі арасында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова қол қойды.

«Келісім ҚХА қоғамдық құрылымдары мен медиаторларын құқық қорғау қызметіне тартуды, этномедиацияны дамытуды, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуді, жастармен жұмыс жасауды, шиеленістің алдын алу мен шиеленістен кейінгі реттеу жұмысын, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуды көздейді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Меморандум ҚР Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА ХХХI сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында жасалды.