Б. Сағынтаев қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барды

21.09.2021 14:32

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан азаматтардың туысқандары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Б. Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасыларына барып, көңіл айтып, қолдау көрсеткен болатын.

Бұрын хабарланғандай, Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушы, азаматтық тұлға қаза тапты.