Санаулы сағаттар қалды: Қадір түнінде не істеуге болмайды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 сәуір барша мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

 

Бұл түні адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, ішімдік ішуге, жанжалдасуға, дауласуға болмайды. Сонымен қатар достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады. 

Теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдерді де көруге болмайды.

 

- Қадір түні мың айдан да қайырлы, бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар,- делінген. 

Қадір деген сөздің өзі араб тілінен "тағдыр" деген мағына береді. Сол себепті бұл түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ризық-несібесі де жазылады. Сондықтан бұл түнді барынша құлшылықпен өткізген жөн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түнінде мешітте діни рәсімдер өтетінін хабарлайды. 

Оқи отырыңыз: Қадір түнін қалай өткізу керек

Новости партнеров