Сағат 07.48-дегі жағдай бойынша су қатты лайланған
Алматы қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Қарғалы өзені арнасында сел жүру қаупі жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әубәкіровтің айтуынша, 14 тамызда сағат 07.11-де Қарғалы өзені арнасындағы жағдай бірқалыпты болды. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды бақылап отыр.
Газ бен жарықты өшіру туралы бұйрық берілді. Халыққа ескерту жасалды.
Сағат 07.48-дегі жағдай бойынша су қатты лайланған.