Бурабайда тауға шығып, төмен түсе алмай қалған туристер құтқарылды

01.08.2024 14:33

2004 жылы туған туристерге медициналық көмек қажет болмады

ТЖМ баспасөз қызметі

Бурабайда кезекті елордалық туристер құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін адасқан үш адам Бурабай курортының ең биік тауынан өз бетінше түсе алмады.

Оларға Ақмола облысының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді.

Құтқару операциясы шамамен үш сағатқа созылды.

2004 жылы туған туристерге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ тауда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

Оқи отырыңыз:Селфи жасаймын: суға кеткен жасөспірім қыздың денесі табылды