Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді
Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы видео «Алтынемел» табиғи паркінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты.
«Фототұзаққа текесі түсіп қалды. Видеодан оның семсер тәрізді 1 метрдей мүйізін көруге болады», - делінген желіде.