Қазақстандықтардың орташа айлық табысы 100 мың теңгеден асты

04.04.2024 14:34

Ұлттық статистика бюросының іріктеу әдісі арқылы есептелген

elements.envato.com

Жаңа мәліметтер бойынша, Қазақстан азаматтарының орташа айлық табыс мөлшері 101 962 теңгеге жетіп, алғаш рет 100 мың теңгеден асты , деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы 11 681 үй шаруалығы мен жекелеген тұрғындарды зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2023 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққандағы ақшалай табыс мөлшері орташа есеппен 305 884 теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш тоқсан сайын еліміздің барлық өңірінде жүргізілетін Ұлттық статистика бюросының іріктеу әдісі арқылы есептелген. 

Айта кетейік, бұл үш айдың ғана дерегі. Яғни айына орташа есеппен 101 962 теңге болмақ. Өткен кезеңдердегі мәліметті ескерсек, бұл көрсеткіш тұңғыш рет 100 мың теңгеден асқан. Тұрғындардың табыс мөлшері қандай дереккөз арқылы есептелді ел азаматтарының орташа табысын Қазақстандағы орташа айлық жалақымен шатастырмау керек, орташа айлық жалақы мөлшері тек ресми түрде жұмыс істейтін қызметкерлер мен оларға төленетін тұрақты жалақы мөлшері ескеріле отырып есептеледі. 

Табыс көзіне ресми түрде жұмыстан бөлек, әлеуметтік трансферт пен тағы басқа ақшалай түсімдер кіреді. Ал оның мөлшері жан басына шаққандағы орташа көрсеткішке сүйене отырып, яғни әр қазақстандық ескеріле отырып есептеледі. Төртінші тоқсанда еңбек қызметінен түскен орташа табыс мөлшері – 227 947 теңге, зейнетақыдан түскен табыс мөлшері – 51 240 теңге, жәрдемақыдан – 11 340 теңге, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегінен түскен табыс мөлшері – 181 теңге, шәкіртақыдан түскен орташа табыс мөлшері – 1448 теңге. 

Сондай-ақ үй шаруалықтарды зерттеу нәтижесі бойынша, туыстары мен жақындарынан келіп түсетін материалдық көмектің орташа мөлшері, алименттерді қоса есептегенде, тоқсанына 7226 теңге, жеке мүліктен түскен табыс мөлшері – 1486 теңге, өзге ақшалай түсімдер – 5016 теңге болғаны анықталды. 

Атап өтейік, орташа айлық көрсеткіштер үш есеге аз болып саналады. Қанша табыс мөлшері тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге жұмсалады Ел тұрғындарының орташа ақшалай табысының басым бөлігі тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге жұмсалады, яғни бұл – шығындар. Бұл ретте 2023 жылдың төртінші тоқсанында аталған орташа табыс мөлшері 277 202 теңгеге немесе айына 92 401 теңгеге тең болған. Көбіне бұл сома азық-түлік (үш айда 142 169 теңге) пен азық-түлік емес (66 268 теңге) тауарларға, сондай-ақ ақылы қызметтерге (48 250 теңге) жұмсалған. Жалпы тоқсан көрсеткіштеріне сәйкес, тұтынушылық шығындардың мөлшері 256 687 теңгеге жеткен. Үш айдың ішінде туыстары мен жақындарына материалдық тұрғыдан көмектесу, сондай-ақ алимент өндіру жан басына шаққанда орташа есеппен 5362 теңге, салық, пен тағы басқа төлемдерге – 334 теңге, несие мен өзге қарыздарды өтеуге – 14819 теңге жұмсалған. Айта кетейік, бұл деректердің барлығы халық арасында жүргізілген сауалнама негізінде ғана жиналған, сондықтан аталған көрсеткіштер шынайы жағдайларға сай келмеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: 4 сәуірге арналған валюта бағамы