Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округіндегі жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

Ақорда
Ақорда
Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ржев округі Трубино деревнясындағы майдандас жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам солдаттың денесі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы – Қасым Болтаев та бар.

Новости партнеров