Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын, сырқаттанушылық деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдыңғы аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды және қазір 0,93 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар 49%, реанимациялық төсектер 46% толы.
Бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.
Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті.
Премьер-министр Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.