|
28.12.2019 | 09:35
6517

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді

12 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді

Бүгін – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні. Кеше таңғы уақытта Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді. Түнгі сағат 12:00-ден бастап еліміздегі барлық мемлекеттік тулары төмен түсірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең үлкен ту Нұр-Сұлтан қаласында. Елорданың кез келген жерінен көрінетін биіктігі 111 метр жалау бүгін желбіремейтін болады.

Сонымен қатар, Алматыдағы туларда 28 желтоқсанға ауысқан минуттан бастап төмен түсірілді. Қала әкімдігінің шешімімен жаңа жыл мерекесі қарсаңында безендірілген шыршалардың да жарығы сөндіріліп, мерекелік шаралар мен ойын-сауық кештері кейінге шегірілді. Аза тұту күнінде қаладағы барлық мерекелік безендіру мен иллюминациялар өшірілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

флаг траур
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир