Алматы облысында жер сілкінді

25.10.2019 14:35

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1.

kaztag.kz

25 қазан күні Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «ҚР БҒМ СТӘЭ» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 25 қазан күні Алматы уақыты бойынша 8 сағат 15 минут 58 секундта жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1.

MPV тербелісі - 4.3. Бағыты солтүстік ендікте - 45.83°, шығыс бойлықта - 81.55°.

Тереңдігі - 15 шақырым.

Сезілмеген.