Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды

27.05.2022 14:36

Порталда шетелдіктерге ЖСН берудің не себепті тоқтатылғаны көрсетілмеген

ашық дереккөз

Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімді емес.

Сайтта бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қалпына келтірілетіні айтылған.

Порталда шетелдіктерге ЖСН берудің не себепті тоқтатылғаны көрсетілмеген.

Айта кетсек, жақында Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан ЖСН-ін алған Ресей мен Украина азаматтарының саны бірнеше есеге өскенін хабарлаған еді.

ҚР жеке сәйкестендіру нөмірін 35 782 ресейлік алып үлгерген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есеге (2 230), ал 637 украиналықтың алуы өткен жылмен салыстырғанда (213) үш есе көп екенін көретеді.