Биыл 34 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек 2 850 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 4 920 000 теңгеге дейін өседі
Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы қорында жинақталған қаржыны алу қиындап, қорда қалуы тиіс салым көлемі екі есеге өседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бірыңғай жинақ зейнетақы қорының ақпарынша, «жеткілікті шек» мөлшерінің көбеюі әлеуметтік көрсеткіштердің ұлғаюымен байланысты. Яғни, мұндай өздерістерге жалақының ең төменгі мөлшерінің 41 пайызға өсуі себеп болыпты.
Еске салсақ, биыл азаматтарға қордағы ақшаны баспана, емдеу және инвестициялық басқаруға беруге рұқсат етілген еді. Жаңа ережеде бұл шарттар өзгертусіз қала бермек.
«Әлеуметтік көрсеткіштерді инфляцияға сай индексация жүргізілгені ескерілді. Оның ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің, төменгі зейнетақы мөлшерінің өзгеруі бар. Бұл ең төменгі шектер жыл сайын қайта қаралады», – деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.