Спортшының тамақтан уланғаны туралы мәлімет бар
Қостанайлық «Тобыл» командасы футболшыларының бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды аlau.kz.
Спортшының тамақтан уланғаны туралы мәлімет бар.
Ауыр халдегі футболшыға дәрігерлер қолдан келер көмектерін жасап жатыр.
Ем-дом шаралары жақсы нәтиже көрсетеді деген үміт бар.
«Тобыл» — 1967 жылы ашылған Қостанайдағы футбол командасы.
Команда 2010 жылы премьер-лиганың жеңімпазы атанып, 2007 жылы Интертото Кубогы мен Қазақстан Кубогын жеңіп алды.