Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

Фото: Абылай Балапановтың жеке архивінен
Фото: Абылай Балапановтың жеке архивінен
19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соққан болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккендерді құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», – деп жазды Б. Уәли.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соққан болатын. Зардап шеккен әйел мен екі баланы Абылай Балапанов есімді студент құтқарып қалған. 

Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді.


Новости партнеров