Б. Сағынтаев бірнеше жолайрық пен метро станциясының құрылысын тексерді

Қала басшысы жұмыс күші мен техниканың жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бірнеше жолайрық пен метро станциясының құрылысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұқтырма мен Құлжа трактісі, Сейфуллин мен Жансүгіров, Рысқұлов пен Емцов көшелері қиылысындағы үш ірі жолайрықтың құрылысын көріп қайттым. Сондай-ақ, екі станса мен метроның жаңа тармағының салыну барысы мен қарқынын, Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін жеткізу жұмысын тексердім»,  деп жазды қала басшысы. 

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев жұмыс күші мен техниканың жеткілікті болуын қадағалап, құрылыс аймағына түсетін учаскелерді алу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.



Новости партнеров