Kaspi.kz: Ешқандай кибершабуыл болған жоқ

28.10.2020 20:27

Банктегілер мұның техникалық ақау екенін және тез уақытта ақауды жоятынын айтты

открытые источники


«Ешқандай кибершабуыл болған жоқ». Бүгін елді дүрліктірген Каспи банктың ресми өкілі осылай мәлімдеді. Оның сөзінше, банк қосымшасында уақытша техникалық ақаулар болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама істен шыққан соң, клиенттердің шотындағы қаражат дұрыс көрсетілмей, жұрт біраз абыржып қалған еді. Әсіресе, шотындағы ақшасы азайып немесе мүлде жоғалып кеткен адамдар табылып жатты. Картамен төлем жасау, банкоматтан ақша шығарып алу және төлемдер мен аударымдар жасау мүмкін болмай қалған. Әйтсе де компания бұзылған бағдарламаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізген. 

«Бұл техникалық ақаулардың барлығы қалпына келгендей клиенттердің қаражаты туралы ақпарат дұрыс көрсетіледі. Сонымен қатар, бүгін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде бұның кибершабуыл екені туралы ақпарат тарады. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз», – деді банктың ресми өкілі Ербол Азанбек.