|
21.01.2019 | 09:40
2104

Мектеп мұғалімі 6 жастағы қызды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды

Мектеп мұғалімі 6 жастағы қызды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі досының кішкентай қызын құтқарып қалды

Ирландияның Данглоу қаласында екі ұлдың анасы, 30 жастағы Дон Кроук оқиға орнында қаза тапты, деп жазды Sputnik.

Мұғалімі және сұлулық байқауының бұрынғы жеңімпазы Дон Кроук жергілікті мектептің аумағында досы Пэдди Макхью және оның алты жасар қызымен серуендеп жүрген. Бір мезетте тұрақтың жанынан өтіп бара жатқан уақытта джип көлігінің кішкентай қызды соғайын деп жатқанын көреді. Баланы жолдан итеріп жібергенімен, өзі көліктің астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды.

Баланы жамбас және табан сүйегінің жарақатымен ауруханаға жеткізеді. Оның өміріне қауіп жоқ, дәрігелердің айтуынша, қыз толықтай айығып кетеді.

Дон мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Оның әкесі де осы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Оқу орны екі күнге жабылды, ал полиция оқиғаны тергеуді бастады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир